1
2019 жылдың 24 қыркүйегінде «№14 орта мектебі» КММ – нде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасына үміткер оқушылар сайлау алды үгіт насихаттарын жүргізді, өз бағдарламаларымен ой бөлісті. 8 -10 сыныптар арсында 6 оқушы Ұланбасылыққа өз ұсыныстарын білдірді. Олар: Бутин Даниил, Спанова Тамила, Смыкова Ольга, Алипинова Мира, Байдаулетова Айдана.
Ал, 2019 жылдың 26 қыркүйегінде мектебімізде жалпы Ұланбасын сайлауы өткізілді, мектеп оқущылары, ұстаздар өз дауыстарын таңдаған үміткерлеріне берді. Сайлау қорытындысы бойынша 177 дауыспен жеңіске 9 «В» сынып оқушысы Бутин Даниил жетті. Салтанатты түрде 30 қыркүйек саптүзеуде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы антын қабылдады. Қалған 5 үміткерді өз тобына қабылдады.