Қамқоршылық кеңесі туралы ЕРЕЖЕ (заңды тұлға мәртебесі жоқ)

Автор: Admin от 28-03-2019, 05:05, посмотрело: 770

0

Қамқоршылық кеңесі туралы осы ереже мектеп қызметін қамтамасыз ету үшін өзін өзі басқару формасын дамытып , бюджеттен тыс қаржы ресурстарын пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының 44 бабы 9 тармағына сәйкес әзірленді және қабылданды.

 

Қамқоршылық кеңесі қызметі Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрінің м.а. 2007 ж. 22 қазандағы № 501 бұйрығымиен, мектеп Жарғысымен бекітілген «Білім беру ұйымдарындағы Қамқоршылық кеңесінің қызметі туралы үлгілік Ережелермен» реттелері.

Қамқоршылық кеңесі басшылыққа алатын Қазақстан Республикасының Нормативтік –құқықтық актілері:

* ҚР Конституциясы ;

* Бала құқығы туралы Конвенция ;

* «Бала құқығы туралы» Заң

*«Қоғамдық ұйымдар туралы»;

* ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңы;

*Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы»;

*Қазақстан Республикасындағы мүгедектігіне , асыраушысынан айырылуға байланысты әлеуметтік жәрдемақы туралы»;

* «Мемлекетті атаулы әлеуметтік көмек туралы»;

* «Тұрғын үй қатынастары туралы»;

* Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының және балалардың панасыздығы мен қараусыз қалуының алдын алу туралы ;

*Қазақстан Республикасындағы мемлекетті жастар саясаты туралы»;

*Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді қорғау туралы;

*Діни наным - сенім еркіндігі мен діни бірлестіктер туралы;

*Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралыв;

*Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;

*Қазақстан Республикасындағы қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы;

*Патронат туралы Ереже;

* Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясы туралы Ереже.

 

 

Қамқоршылық кеңесі қызметі заңды тұлға болып тіркелмегендіктен, жеке лицензиясы жоқ – ол білім беру мекемесінің лицензиясы бойынша әрекет етеді. Қамқоршылық кеңесінің қызметі білім беру мекемесінің Жарғысымен және лицензиясымен бекітілген. Заңды тұлға ретінде мәртебесі жоқ Қамқоршылық кеңесі жеке меншік объектілеріне ие бола алмайды, бірақ білім беру мекемесінде жеке есепшоты болады және оны бухгалтерияның бір қызметкері атқарады.

Қамқоршылық кеңесінің атқаратын қызметі:

·Әлеуметтік қызмет- Қамқоршылық кеңесі қызметіне тұрғындар ішінен әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдерін тартады.

·Экономикалық қызмет Қамқоршылық кеңесінде қаржылық, құқықтық, мүліктік база болады, ол нарықта білім беру қызметінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

·


·Саяси ·қызмет

·


·- Қамқоршылық кеңесібелгілі бір білім беру саясатын жүзеге асырады.

Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар мен терминдерге түсініктеме:

Қамқоршылық –білім берудің азаматтық негізін құрайтын қоғамдық күштердің әлеуметтік қозғалысы.

Қамқоршылық кеңесі - білім беру мен нақты білім мекемесінің дамуына мүдделі азаматтарды ерікті түрде біріктіретін форма

Қамқоршы – білім беру мекемесінің қызметін жақсартуға , тиімділігін арттыруға мүдделі , осы мүддесін белсенді іске асыратын заңды немесе жеке тұлғастатусы.

Демеуші- өз пайдасынан гөрі қосатын қаржылық үлесі жоғары инвестор

Меценат - Қамқоршылық кеңесінің есепшотында айналысқа түсетін қаржылықғ материалдық, мүліктік қорларды қайтарымсыз сыйлаушы.

Қамқоршылық кеңес мүшелері - жеке тұлғалар (ата-аналар, білім алушыларе түлектер, зейнеткерлер, шығармашылық қызметкерлер, меценаттар, кәсіпкерлер,әділет, атқарушы, сот органдары қызметкерлері, қаланың құрметті азаматтары т.б.)

Қамқоршылық кеңесі жалпы жиналысы- Қамқоршылық кеңесінің құрамын бекеітетін жоғары басқару органы, жылына 2 реттен кем емес шақырылады.

Білім беру жүйесі – ұйымдастыру-құқықтық формаларына, типі мен түрлерінеқарамастан, бір ізді білім беру бағдарламалары мен әр деігейдегі және бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттарын іске асыратын білім беру мекемелерінің жиынтығы.

 

1 БӨЛІМ

Жалпы ережелер

1.1Риддер қ. «№ 14 орта мектебі» КММ Қамқоршылық кеңесі (әрі қарай Қамқоршылықкеңес) мектеп қызметін қамтамасыз ететін мектеп өзін өзі басқару органы болып табылады.

1.2 Қамқоршылық кеңесін құру тәртібі мен құзыреті мектеп жарғысында анықталған.

1.3Қамқоршылық кеңесі – жалпы жиналыста есеп беретін басқару органы. Заңды мәртебесі жоқ Қамқоршылық кеңесі туралы шешімді жалпы дауыс берумен жалпы ата-аналар жиналысы шығарады.

1.4 Қамқоршылық кеңесінің құрамын жалпы дауыс берумен жалпы ата-аналар жиналысы бекітеді.

1.5.Қамқоршылықкеңесі өз жұмысын мектеп Жарғысы менмектеп Қамқоршылық кеңесі туралы Ереже негізінде жүргізеді.

1.6. Қамқоршылықкеңесі мектеп мүдделері үшін өз қызметінің жоспарларын әзірлейді, оны қабылдап, іске асыруды ұйымдастырады

1.7. Қамқоршылық кеңесі мектеп қызметі мен дамуы мәселелері бойынша мектептің басқа да өзін өзі басқару органдарымен тығыз қарым-қатынаста болады.Қамқоршылық кеңесі төрағасы мектептің басқа да өзін өзі басқару органдары жұмысына қатысып, басты дауысқа ие болады.

1.8 Қамқоршылық кеңесі өз құзыреттілігіне қатысы жоқ мәселелердегі шешімі кеңес беру, ұсыныс жасау сипатында болады.

1.9.Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің өз міндеттерін атқаруы еш қайтарымсыз орындалады.

1.10.Қамқоршылықкеңесі өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады және білім беру мекемесінің әкімшілігінің ағымдағы шұғыл өкімдік қызметіне кіріспейді.

2 БӨЛІМ.

Қамқоршылық кеңесінің мақсаты мен қызметінің мәні

2.1. Қамқоршылық кеңесінің қызметінің мәні:

2.1.1. Білім беру ұйымына өз жарғылық қызметін іске асыруда көмек көрсету;

2.1.2. Білім алушылар мен мұғалімдер ұжымына оқубағдарламаларын табысты іске асыруда қажетті жағдайлар жасау;

2.1.3. Оқу-тәрбие процесінің сапасын жетілдіруде: тереңдетілген бағдарламалар мен ғылыми жобалар әзірлеу, балалардың қабілеттерін дамытуда шығармашылық зертханалар жасау ісінде көмек көрсету;

2.1.4 .Білім беру мекемесінің әрі қарай дамуы мен қаржылық қолдауға , материалдық-техникалық базаны нығайтуға, мұғалімдердің сапалы қызметін ынталандыруға ықпал ету;

2.1.5. Білім беру мекемесіне әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамытушылық іс – шаралар өзкізуде көмек көрсету;

2.1.6. білім беру мен тәрбие саласында ынтымақтастық орнатып, оны жетілдіруге ықпал ету;

2.1.7. Күнкөрісі төмен отбасы балаларына, жетім балалар мен дарынды балаларға көмек көрсетіп ынталандыру қаржыларын жұмсау тәртібін анықтау

2.1.8. Білім беру мекемесінің қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар енгізу.

 

2.2. Қамқоршылық кеңесінің мақсаты

2.2.1.Білім беру мекемесінің қызметі мен дамуына ықпал ету.

 

2.3. Қамқоршылық кеңесінің міндеттері:

2.3.1. Білім беру мекемесі мен отбасы арасынджағы байланысты нығайту

2.3.2. Оқу-тәрбие процесінің сапасын жетілдіру

2.3.3. Білім беру мекемесінің инновациялық, ғылыми қызметі қолдау

2.3.4.Оқушылардың өзін өзі басқаруына ықпал ету

2.3.5. Ата-аналардың педагогикалық жалпы оқуын ұйымдастыруды жақсатру шараларын орындау

2.3.6. Ата-аналардың СӨС насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларға қатысуы;

2.3.7. Оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қатысу, тамақ сапасына бақылау жасау;

2.3.8. Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің қайырымдылықтан түскен қаржыны жұмсауға қатысуы;

2.3.9. Білім беру мекемесінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал ету.

 

2.4. Қамқоршылық кеңесінің әрекетінің қағидаттары

-өз еркімен мүшелікке кіру;

-өз бетімен жұмыс істеу, ізгілік, демократия, жариялылық

- өзара сенім мен сыйластық;

-мақсатты қызмет;

-әлеуметтік әрекеттестіктің тиімділігі;

- өзара қолдау мен көмек, әлеуметтік теңдік;

-бір-біріне деген шыдамдылық пен төзімділік;

-вариативтілік;

- Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің тең құқылығы;

-басшылықтың алқалығы;

-қабылданатын шешімдердің жариялығы.

2.5. Қамқоршылық кеңесінің атқаратынқызметі

2.5.1. Төраға, оның орынбасары, тексеру комиссиясы мен хатшыны сайлайды;

2.5.2. Қамқоршылық кеңесіқызметінің негізгі бағыттарын, мақсат-міндеттерін анықтайды ;

2.5.3. Қамқоршылық кеңесі туралы Ереже мен жұмыс жоспарын әзірлейді;

2.5.4.Оқу-тәрбие процесінің сапасын жетілдіруге және Білім беру мекемесінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал етеді;

2.5.5. Ата-аналардың педагогикалық жалпы оқуын ұйымдастырады;

2.5.6. СӨС насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларға қатысады;

2.5.7. Қайырымдылықтан түскен қаржыны тіркейді;

2.5.8. Қайырымдылықтан түскен қаржыны бөледі және жұмсау бағыттарын анықтайды;

2.5.9. Жалпы жиналыста өз қызметі туралы есеп береді

3 БӨЛІМ

3.1. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері

3.1.1.Қамқоршылық кеңесіне мүше бола алады: Қазақстан Республикасының азаматтары, 18 жасқа толған осы Ереже талаптарын орындайтын шетел азаматтары.

3.1.2.Қамқоршылық кеңесі құрамына кіре алады: Білім беру мекемесінің басшысы, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдары өкілдері, әр түрлі меншік формаларының ұйымдары, кәсіпкерлік және ғылыми топтар, БАҚ, қоғамдық бірлестіктер мен ассоциациалар, оның ішінде шетел ұйымдары, мұғалімдер, білім алушылар мен тәрбиеленушілер, ата-аналар, демеушілер мен мектеп қызметін жетілдіруге мүдделі басқа да тұлғалар.

3.1.3. Қамқоршылық кеңесі мүшелері өз өкілдері арқылы әрекет ететін заңды тұлғалар болуы да мүмкін. Заңды тұлғалардың өкілдері Қамқоршылық кеңесі жұмысына өздерінің лауазымдық өкілеттігі мен сенімхаттар негізінде қатыса алады.

3.1.4. Қамқоршылық кеңесіне мүшелікке қабылдау туралы шешімді басым дауыс берушілер қабылдап, мектеп педкеңесі бекітеді.

3.1.5. Қамқоршылық кеңесімүшелері құқылы:

- Қамқоршылық кеңесінің басшылық органдарына сайлауға, сайлауға ұсыныс жасауға, сайлануға;

- жиналыстар мен Қамқоршылық кеңесі отырыстарында , баспасөзде талқылауға, ұсынстар енгізуге, өз пікірін қорғауға;

- Қамқоршылық кеңесінен ақпараттар алуға, қалыптасқан үлгі бойынша бақылау жасауға;

- Қамқоршылық кеңесі барлық іс-шараларына қатысуға,

3.1.6. Қамқоршылық кеңесімүшелері міндетті:

- осы Ережені мойындауға және талаптарын орындауға;

- осы Ережеде қарастырылған Қамқоршылық кеңесінің жұмысына қатысуға;

- Қамқоршылық кеңесінің шешімдерін, мектеп бұйрықтары мен өкімдерін орындауға;

- мектеп қызметкерлері мен білім алушылардың құқықтарын сыйлауға.

3.1.7. Қамқоршылық кеңесіндегі мүшелік тоқтатылады, егер:

- Қамқоршылық кеңесімүшесі өз ынтасымен мүшеліктен шықса, Қамқоршылық кеңесінің басқармасына жазбаша өтініш тапсырған соң;

- Қамқоршылық кеңесінен шығарылуына байланысты

3.1.8. Қамқоршылық кеңесінен шығарылу туралы мәселе Қамқоршылық кеңесінің жалпы жиналысында қарастырылады.Шығару туралы шешімді басым дауыс берушілер қабылдап, мектеп педкеңесі бекітеді.

3.1.9. Қамқоршылық кеңесінен шығарылған жағдайда ерікті жарна мен төлемдер қайтарылмайды.

4 БӨЛІМ

Қамқоршылық кеңесінің ұйымдық құрылымы.

Басқару органы. Қаржы көздері

4.1. Қамқоршылық кеңесі құрамы 3 жылға сайланады. Қажеттілігіне қарай оның құрамына жекелей өзгерістер енгізілуі мүмкін.

4.2. Қамқоршылық кеңесінің басшысы Қамқоршылық кеңесінің отырысында сайланған төраға болып табылады. Ол Қамқоршылық кеңесі атынан әрекет етеді. Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырады. Оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жұргізеді.

4.3. Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасарын Қамқоршылық кеңес тағайындайды.

4.4. Хатшыны Қамқоршылық кеңес сайлайды, ол Қамқоршылық кеңес ісі құжаттарын жүргізеді.

4.5. Қамқоршылық кеңесінің жоғары органы жалпы жиналыс болып табылады. Ол қажеттіліген қарай жылына 2 реттен кем емес шақырылады. Қамқоршылық кеңесінің бастамасымен немесе мүшелердің төрттен бір бөлігінің талабымен кезектен тыс жалпы жиналыс шақырылуы мүмкін..

4.6. Жалпы жиналысқа кеңес мүшелерінің 2/3 кем емес адам қатысса, шешім шығаруға құқылы.Шешім жиналысқа қатысқан мүшелердің көпшілік дауыс берумен қабылданады. Шешім барлық мүдделі тұлғаларға жеткізіледі.

4.7. Қамқоршылық кеңесіжалпы жиналысының айырықшалығы бар мәселелері:

- Қамқоршылық кеңесібасқармасы мүшелерін сайлау және Қамқоршылық кеңесібасқармасы мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдау;

- Қамқоршылық кеңесібасқармасы төрағасын сайлау және Қамқоршылық кеңесібасқармасы төрағасының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдау;

- Қамқоршылық кеңесі қызметінің басым бағыттарын анықтау және оны жетілдіру, құрылымын өзгерту, тарату туралы шешімдер қабылдау;

- Қамқоршылық кеңесінің құзырындағы қаржы мен басқа да мүліктің қалвптасуы мен пайдалану қағидаттарын анықтайды

4.8. Жалпы жиналыстың құзыретіне сондай –ақ:

- Қамқоршылық кеңесі басқармасының жыл сайынғы мүлікті , оның ішінде ақша қаражатын пайдалану туралы есебін тыңдау және бекіту;

- мектеп қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- Қамқоршылық кеңесі басқармасына талқылауға енгізілген басқа да мәселелерді қарау.

4.9. Қамқоршылық кеңесінің ағымдағы қызметін басқару үшін басқарма сайланады. Ол жалпы жиналысқа есеп береді. Басқарма мүшелерінің өкілеттік мерзімі,сандық құрамы, Қамқоршылық кеңесінің әр мүшесінің өкілеттік нормасы (заңды және жеке тұлғалардың өкілдері, педагог және басқа да қызметкерлер) Қамқоршылық кеңесі жалпы жиналысында анықталады. Басқарма отырысы қажеттігіне қарай өткізіледі және Басқарма мүшелерінің жартысынан кемі қатысқанда құқықы деп саналады.

4.10. Қамқоршылық кеңесі басқармасының құзыретіне мыналар кіреді:

- осы Ережеге сәйкес Қамқоршылық кеңесі қызметінің перспективалық, ағымдағы жоспарын әзірлеу, қабылдау және іске асыруды ұйымдастыру;

- Қамқоршылық кеңесі жалпы жиналысының шешімдерін орындауды ұйымдастыру, Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің ұсыныстары мен ескертулерін іске асыруға бақылау жасау;

- күн тәртібін қалыптастыру және Қамқоршылық кеңесі жалпы жиналысында қарап шешім шығаруға қажетті материалдарды әзірлеу .

- Қамқоршылық кеңесіне қаражаттың түсуі мен жұмсалуына есеп жүргізу;

- Қамқоршылық кеңесі , мектеп кеңесі мен әкімшілік қызметін мектеп Жарғысында қарастырылған ортақ мақсатқа жету үшін үйлестіру ;

- басқа да мәселелерді шешу.

4.11. Мектеп Жарғысына , осы Ережеге кереғар болатын басқарманың шешімін Қамқоршылық кеңесінің кез келген мүшесі қайта талқылауға беруге

4.12. Қамқоршылық кеңесі басқармасын 3 жылға сайланатын төраға басқарады.

4.13. Қамқоршылық кеңесі басқармасының төрағасы өз құзыреттілігі шегінде:

- басқарма қызметін ұйымдастырады және басқарады, басқарма отырыстары мен Қамқоршылық кеңесі жалпы жиналысында төрағалық етеді;

- Қамқоршылық кеңесі жалпы жиналысы мен отырыстары шешідерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

- Қамқоршылық кеңесінің атынан сенміхатсыз барлық мемлекеттік, қоғамдық және басқа да органдарда және жеке тұлғалармен Қамқоршылық кеңесімүдделеріне қатысты барлық мәселелер бойынша қарым қатынаста болады;

- Қамқоршылық кеңесі басқармасы мен Қамқоршылық кеңесі жалпы жиналысына қатысты басқа да мәселелерді шешеді;

4.14. Басқарма хатшысы:

- басқарма отырыстары мен Қамқоршылық кеңесі жалпы жиналысын ұйымдастырады;

- басқарма отырыстары мен Қамқоршылық кеңесі жалпы жиналысы хаттамаларын толтырып сақтауды ұйымдастырады;

4.15. Қамқоршылық кеңесіқаржысы ерікті жарналар мен заңнамаға қайшы емес заңды және жеке тұлғалардың демеушілік қаржысынан құралпады. Ол қаржы мектеп есепшотына аударылады және Қамқоршылық кеңесі шешіміне сәйкес мақсатта жұмсалады.

4.16. Тексеру комиссиясы - Қамқоршылық кеңесі жалпы жиналысында сайланатын бақылау органы , ол:

·Қоғамнан келіп тұскен қаржының заңдылығы мен тиімді пайдаланылуын бақылайды

·Қамқоршылық кеңесі отырысында есеп береді.

5 БӨЛІМ

Қамқоршылық кеңесінің қызметін тоқтату

5.1. Қамқоршылық кеңесінің қызметі тоқтатылады:

- Қамқоршылық кеңеснің бастамасымен немесе жаплпы жиналыстың шешімімен;

- мектеп педкеңесінің шешімімен;

- білім беру ұйымы жойылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайларда.

 

Жалпы ата-аналар жиналысында қабылданды «____» __________ 20__ жыл

Ата-аналар комитетінің төрайымы __________ _________________

Ата-аналар комитетінің хатшысы__________ ___________________

 

 

Категория: Нормотворческая деятельность учебного заведения

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *