Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Сан қыранды самғатқан – алтын ұя мектебім.

Автор: Admin от 27-02-2019, 01:08, посмотрело: 591

0 «№ 14 орта мектебі» КММ 2019 жылдың 22 ақпанында «Сан қыранды самғатқан - алтын ұя мектебім» атты 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл зымырап өткен уақыт жас ұрпақ үшін де, тарих үшін де көп уақыт. Осынау уақыт арасында білім ошағы қаншама жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып, көптеген түлектерін алтын ұядан ұшырып келеді. Мектептің құрылу, басқару тарихын зерттей отырып осы мектептің абыройы үшін аянбай еңбек еткен талай тұлғалардың қызмет еткеніне көзіміз жетті. Алғаш рет нөмірі 14 мектептің іргетасы 1939 жылы қаланды. Сол кезде кішкентай, ескі мектеп Промышленная – 14 көшесінде орналасқан екен. Мектепте оқушылар саны – 985 болған. 20 мұғалім қызмет атқарған. Біртіндеп бала санының өсуіне байланысты 1967 жылы 7 қарашада жаңа мектеп салынды. Оқушылар саны – 2350 өсіп, 69 білікті мамандар ұстаздық қызметін атқарды. 80 жылда мектеп 3200 түлек шығарды. 80 жылда мектепті 16 мектеп директоры басқарды. Олар: Алещенко Семен Петрович, Озянкин Геннадий Михайлович, Дементьев Дмитрий Иванович, Тихоновская Прасковья Семеновна, Волгина Ольга Дмитриевна, Червач Борис Павлович, Преображенская Екатерина Алексеевна, Кузнецов Александр Александрович, Эскеров Иван Алексеевич, Попова Александра Михайловна, Клабукова Валентина Егоровна, Кандиусова Надежда Ивановна, Янко Елена Михайловна, Куашпаева Айгуль Нурдыбековна, Килина Евгения Сергеевна, Байдаулетова Жанар Муратовна. Бұл адамдар мектеп ісін басқарып, ұйымдастыра жүріп мектеп тарихының дамуына, өсуіне өздерінің үлкен үлестерін қосты. Аталып өткен мерейтойдың іс-шарасына алғыс сезімдерін білдіру үшін ардагер-ұстаздар, мектеп түлектері, ізгілік нұрын сепкен ұстаздар, ата-аналар қауымы, арнайы шақырылған қонақтар жиналды. Мерейтой қарсаңында мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруы бойынша қалалық деңгейде көптеген іс-шаралар өткізілді. Ұйымдастырылған іс-шаралар, концерттік бағдарлама, мектептің безендірілуі жиналған қауымның көңілінен шықты.
Сан қыранды самғатқан – алтын ұя мектебім.
Сан қыранды самғатқан – алтын ұя мектебім.
Сан қыранды самғатқан – алтын ұя мектебім.
Сан қыранды самғатқан – алтын ұя мектебім.
Сан қыранды самғатқан – алтын ұя мектебім.
Сан қыранды самғатқан – алтын ұя мектебім.

Категория: Мероприятия и праздники