АТА – АНАЛАР ЖАДЫНАМАСЫ

Автор: Admin от 29-03-2019, 01:51, посмотрело: 427

0

1.2019 жылғы ҰБТ – ның жаңа форматы

xҰБТ – ның жаңа форматы мектеп бітірушілер үшін Қорытынды аттестаттау (ҚА) және жоғары оқу орындарына түсушілер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) болып бөлінуімен ерекшеленеді.

 

x Қорытынды аттестаттау - мектеп түлектері 4 міндетті, 1 таңдау пәнінен тұратын, жалпы орта білім берудің міндетті мемлекеттік бітіру емтихандарын тапсырады.

þшамамен 29 мамыр - 9 маусым аралығында түлектердің оқу орнында өтеді;

þҚорытынды аттестаттауды сәтті тапсырғандарға жалпы орта білімі туралы аттестат беріледі;

þҚорытынды аттестаттаудағы таңдау пәні ЖОО-на түсу кезіндегітаңдалған мамандыққа әсер етпейді.

xАғымдағы жылы ЖОО-на түсу үшін ҰБТ–ға қатысады:

þосы жылғы мектеп бітірушілері;

þқазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектеп бітірушілері;

þреспубликалық музыкалық мектеп – интернаттарының бітірушілері;

þ«Алтын белгіге» үміткерлер;

þ жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңімпаздары;

þ жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары;

þ АҚ «Назарбаев зияткерлік мектебі» бітірушілері;

þ халықаралық мектеп бітірушілері.

 

 

2.ҰБТ - ның мерзімі мен ұзақтығы

x Тестілеу ҰБТ өткізу пунктерінде (ҰБТӨП) 20 маусымнан 1 шілде аралығында өткізіледі.

þ Өтініштерді қабылдау 10 наурыздан 10 мамырға дейін;

þ Тестілеу 20 маусым 1 шілде аралығында;

þ ҰБТ-ның басталу уақыты – сағат 09.00 (жергілікті уақыт бойынша);

þ ҰБТ-ға бөлінетін уақыт – 3 сағат 50 мин

þ Тестіленушіге дәлелді себеппен (әжетханаға, медициналық бөлмеге) шығуға тек уәкілетті тұлғаның алып жүруімен тестілеудің бірінші сағатынан кейін 1 сағат 30 минут ішінде рұқсат етіледі. Осыдан кейін тестілеу аяқталғанша аудиториядан шығуға рұқсат етілмейді.

3.Тестілеу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

x Тестілеу кезінде тестіленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдын алу мақсатында жүзеге асырылады:

þ Жарылғыш құрылғылардың бар жоғын анықтау үшін ғимаратты тексеру;

þ Тестілеуге кіру барысында металіздегіштермен тексеру;

x Тестілеу барысында ҰБТ-ның ашықтығын және объективтілігін сақтау мақсатында тұңшықтырғыш құралдары мен бейнебақылау құрылғылары қолданылады.

4.Тестілеудің нәтижелерін жариялау

xЕмтихан материалдарын өңдеу аяқталған соң тестілеу нәтижелерін:

þҰБТӨП ақпараттық қабырғаларында (емтихан ведомостері)

þҰлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында. Тестіленуші нәтижесін сайт арқылы көру үшін ТЖК (рұқсаттамада көрсетілген) мен ЖСН енгізу қажет.

5. Апелляция

x Тестілеу нәтижелері бойынша келіспеушілік болғанда тестіленушінің өзі келесі күнгі сағат 13:00 дейін ҰБТӨП – де аппелляциялық комиссияға бере алады.

x Апелляцияға өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебін және негіздемесін) көрсету қажет.

6. Сертификат

x ҰБТ нәтижесі туралы сертификат.

x Сертификаттың жарамдылық мерзімі – ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін.

x Сертификатты ламинаттауға тыйым салынады.

7. Шығармашылық (арнаулы) емтихан

x Шығармашылық дайындықты талап етуші мамандықтарға түсушілер шығармашылық емтихан тапсырады.

x Шығармашылық емтихан өткізілетін мамандықтар тізбесі және емтихандарды өткізу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

x Шығармашылық емтихан және өтініштерді қабылдау оқуға жоспарланған ЖОО-да тапсырылады

x Шығармашылық емтиханның мерзімі:

þ Өтініштерді қабылдау: 20 маусымнан 7 шілдеге дейін;

þ Емтихан 8 шілдеден 13 шілдеге дейін.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін бітірушілер үшін: Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) тестілеу бөлімі бойынша баллдар ескеріледі.

x Әрбір шығармашылық емтиханнан жоғарғы балл – 40.

x Шығармашылық емтихан ескергендегі максималды балл – 120.

x Педагогикалық мамандықтарға түсуге жоспарлаған бітірушілер үшін бір арнайы емтихан (педагогикалық жағдайды шешу) ЖОО орнында өткізіледі.

x Арнаулы емтиханның мерзімі:

þӨтініштерді қабылдау және емтихан 20 маусым нан 18 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

þАрнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деп бағаланады.

þАрнаулы емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге қабылдану орны бойынша жоғары оқу орынына ұсыну үшін ведомстан көшірме беріледі.

 

8.Жоғары оқу орындарына түсушілер

x ҚР жоғарғы оқу орындарына қабылдау келесі жолдармен жүзеге асырылады:

þмемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру гранттары) орналастыру арқылы;

þазаматтардың өз қаражатынан және басқа көздер есебінен.

þБілім беру гранттары конкурс негізінде ҰБТ

сертификатындағы балдарға сәйкес беріледі:

þнақты мамандындағы;

þтіл бөліміне қарай;

þоқыту түріне қарай;

x жоо оқуға түсуші қабылдау комиссиясына тағайындау конкурсына қатысу үшін тапсырады:

þарнайы белгіленген бланктегі;

þбілімі жайлы құжат (түпнұсқа);

þҰБТ сертификаты;

þ2 фотосурет (көлемі 3х4);

þ086-У нысандағы медициналық анықтама;

þжеке куәлік (көшірмесі).

x Білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа өтініштерді қабылдау 23-31 шілде аралығында жүргізіледі.

x Конкурста ҰБТ пәндерінің 1 және 2 блок бөлімдері, шығармашылық мамандықтар үшін 1 блок бөлімдері (Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы (оқу тілі) және шығармашылық емтихандар бойынша баллдары есепке алынады.

x Конкурс нәтижесінде білім гранты тағайындалғандығы туралы куәлік беріледі.

x Білім беру грантының иегерлерінің тізімі 10 тамыздан соң бұқаралық ақпарат құралдарында(«Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда»), сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында жарияланады.

 

9.ЖОО – на түсудің икемді шарттары

x ҰБТ – ны қайта тапсыру арқылы ЖОО –ның ақылы бөліміне түсуге болады.

x Шектік баллды ала алмағандар, нәтижелері жойылғандар және ҰБТ – ға қатыспағандар ҰБТ-ны қайта тапсыра алады.

x ҰБТ қайта тапсыру мерзімі:

þӨтініштерді қабылдау 1 - 8 тамыз аралығында;

þ Тестілеу 19 -24 тамыз аралығында өткізіледі.

xҰБТ қайта тапсыру кезінде шектік балды ала алмаған түсушілер бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін тестілеуді қайта тапсыра алады.

xҰБТ қайта тапсыру мерзімі:

þӨтініштерді қабылдау 5 - 12 қаңтарға дейін;

þ Тестілеу 20 - 24 қаңтар аралығында жүргізіледі.

10.Білім беру кредиті

xБілім беру кредиті – қаржы ұйымдарының мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында оқу ақысын төлеу үшін қарыз алушыға беретін ақша;

xНесие Қазақстанның әр ірі қалаларының банк-серіктестері бөлімшелерінде беріледі.

xКредит талапкер/студенттің атына ресімделеді, яғни оқу ақысын төлеу бойынша жауапкершілік ата-анадан талапкердің/студенттің өзіне жүктеледі;

xБілім беру кредитін алу үшін:

þ 1.қадам - кеңес алу үшін «Қаржы орталығы» АҚ немесе банк-серіктесімен хабарласу;

þ 2.қадам - қажетті құжаттарды банк-серіктеске ұсыну;

þ 3.қадам - банктің және Қаржы орталығының оң шешімінен кейін несие сомасын оқу орнының есебіне аудару жүзеге асырылады.

xКредитті рәсімдеу үшін Қарыз алушыдан талап етілетін құжаттар:

þжеке куәлік;

þтұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат;

þ ҰБТ сертификаты (нотариалды куәландырылған көшірмесі);

þбілім алу шарты немесе оқу кезеңіне оқудың құны көрсетілген төлеу шоты;

þқарыз алушыдан 18 жасқа толмаған жағдайда ата-анасының (заңды қамқоршыларының) қарыз алуға нотариалды куәландырылған келісімі, сондай-ақ Банк сұратқан жағдайда басқа да құжаттар.

xКредитті рәсімдеу үшін қосалқы қарыз алушыдан талап етілетін құжаттар:

þЖеке куәлік

þТұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат;

þ Табысы туралы жұмыс орнынан анықтама қағазы;

þЖеке зейнетақы шотынан соңғы алты ай бойынша үзінді көшірме;

þБанк талап еткен жағдайда басқа да құжаттар.

 

Білім беру кредиті туралы толық ақпарат www.fincenter.kz сайтында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(мәліметтер ҰБТ – ны өткізу тәртібі белгіленген ҚР «Білім туралы» заңы және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес көрсетілген (өзгерістер болуы мүмкін).

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Ұлттық тестілеу орталығы

АТА – АНАЛАР ЖАДЫНАМАСЫ

Ұлттық бірыңғай тестілеу

2019

Категория: ЕНТ-2017

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *